Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Құрылтайшыларды атаудан бас тартты – Қаржылық технологиялар және инновациялар ассоциациясының баспасөз конференциясы даумен аяқталды

Құрылтайшыларды атаудан бас тартты – Қаржылық технологиялар және инновациялар ассоциациясының баспасөз конференциясы даумен аяқталды
kyn.kz
Бүгін, 16 шілдеде, Астанада мемлекеттік біртұтас есептеу жүйесін (БЕЖ) енгізу тақырыбында қаржылық технологиялар және инновациялар ассоциациясының өкілдері ұйымдастырған баспасөз конференциясы өтті.

Сөйлеушілер ретінде қаржы технологиялары және инновациялар ассоциациясының төрағасы Ирина Давиденко, оның орынбасары Юлия Салехова, сондай-ақ заң департаментінің директоры Ерлан Кистафин сөз сөйледі.

Конференция барысында БЕЖ енгізу мәселелері көтерілді. Сөйлеушілердің айтуынша, бұл құрал Қазақстандағы төлем ұйымдарының нарығына теріс әсер етеді.

Анонста айтылған мәлімдемелердің маңыздығына қарамастан, баспасөз конференциясында жауаптардан гөрі сұрақтар көп болды.

Ассоциацияның өкілдері негізгі сұрақтарға ақпарат бере алмады.

Финтех ассоциациясының басшысы Ирина Давиденко, оның мүдделерін қорғайтын төлем ұйымдарының БЕЖ енгізу нәтижесінде жыл сайын 60 млрд теңге көлемінде табыс жоғалтатынын хабарлады.

Журналистердің сұрағына, қазахстандықтардың одан не жоғалтатыны туралы айтылды. БЕЖ нарықта артық делдалдарды жояды, Давиденко төлем ұйымдарының оның ұйымына кіретін бөлігі ставкалар нарығын жоғалтып, сәйкесінше пайдадан айрылатынын түсіндірді. Қазақстандар үшін теріс салдарлар туралы сұрақ жауапсыз қалды.

Сонымен қатар, Ассоциацияның құрылтайшыларының құрамына қатысты сұрақтар түсіндірілмеді. Давиденко алдымен олардың саны 70 екенін айтты. Содан кейін 50 деген санды атады. Баспасөзге конференция аяқталғаннан кейін ассоциацияға кіретін төлем ұйымдарының тізімін беруді сұраған кезде, құрылтайшылардың 10 екенін айтты. Алайда букмекерлермен байланысы бар ма деген сұраққа жауап беруден бас тартты.

Журналистер оның басқаруындағы финтех ассоциациясының құрылтайшылары туралы да сұрады. БАҚ өкілдерін Давиденко және оның құрылтайшылары Қазақстан Республикасының азаматтары ма екені қызықтырды. Давиденко өз жауабында өзге мемлекеттің азаматымын деп растады, бірақ құрылтайшылардың азаматтығы туралы сұраққа жауап беруден бас тартты.

Давиденко өзінің дәлелдерінің бірі ретінде халықтың жеке мәліметтері тарапкететінін келтірді. Оның айтуынша, БЕЖ жүйесі шетелдік аналогтарының көшірмесі. Журналистердің БЕЖ 100% мемлекеттік компания, серверлері мен технология патенті Қазақстанда орналасқандығы туралы желіде бұрын өткен ақпаратты түсіндіруін сұраған кезде, спикер алдымен сасқалақтап, бірақ кейін бұған сенімді емес екенін айтты. Казахстандықтардың деректердің тарап, ұрланып  кетуіне қатысты алаңдаушылықтарын түсіндіруді сұрағанда, Давиденко алдымен тақырыпты өзгертуге тырысты, ал кейінгі өтініште сұраққа жауап беруден бас тартты.

Әлеуметтік сезімтал тақырыптарға да нақты жауаптар айтылған жоқ. Атап айтқанда, құмар ойын бизнесінің өсу жағдайында кәмелетке толмағандарға қатысты қауіптер туралы. Бұдан басқа, спикер құмар ойындарға тартылу салдарынан ажырасу мен суицидтер туралы ресми статистикамен келіспеді. Давиденко лудомания букмекерлердің мәселесі емес екенін және Қазақстан үшін ұлттық трагедияны көрмейтінін атап өтті.

Баспасөз конференциясы барысында спикер, БЕЖ-дің зияны туралы нақты дәлелдер мен ассоциациясының құрылтайшыларының деректерін жариялау сұрағына, алдымен жауап беруден қашып, кейін журналистермен айтысуға кірісті.

Баспасөз конференциясы барысында журналист Давиденкоға, оның ассоциациясының өкілдері бір айдан бері коммерциялық БАҚ бөліміне шығып, БЕЖ енгізудің зияны туралы материалдарды ақшаға жариялауды сұрағаны рас па деп сұрады. Давиденко аздап жымиғансып, өзі мұнымен айналыспайтынын айтты.


Журналистер өз кезегінде спикерге ескерту жасады, ол олардың сұрақтарын елемей, бірақ залдағы белгісіз адамдардың сұрақтарына қуана жауап берді. Журналистер сұрақ қойғандардың жұмыс орнына қызыққан кезде, ол алдымен жауап беруден бас тартты, ал кейін пресс-конференциядан асығыс шығып кетті. Кулуарларда бұл адамның Ассоциацияның қызметкерлерінің бірі екені анықталды.

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар