Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“ҚазАзот“ зауытындағы апаттан төрт жұмысшы зардап шекті

“ҚазАзот“ зауытындағы апаттан төрт жұмысшы зардап шекті
"ҚазАзот"
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі "ҚазАзот" АҚ-ның өндірістік нысанында техникалық апат салдарынан төрт адам жарақат алғанын айтты.

Зардап шеккен жұмысшыларға термиялық күйік диагнозы қойылды: екеуі жансақтау бөліміне, ал қалған екеуі травматология бөліміне жатқызылған. Медициналық көмек көрсету үшін Қазақстанның бас реаниматологы мен күйік саласы бойынша жетекші мамандар тартылды.

Әкімдік мәліметіне сәйкес, бүгінде зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, оларға барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің дерегінше, апат болған кезде кәсіпорында өртпен жұмыс жүргізілген, бірақ тиісті рұқсат құжаттары ресімделмеген. Қайғылы оқиға жабық кеңістікте отты жұмыстар жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан туындауы мүмкін. Бұл жағдайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы – "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген ресми хабарламада.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар