
Астанада жаңадан салынып жатқан тұрғын үйдің құрылыс алаңында кран құлады. Кабинада болған ер адам алған жарақатынан қайтыс болды.
Қайғылы оқиға 18 шілде кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Құрылыс алаңында қатты желдің салдарынан кран құлады. Кабинада болған ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Құрылысқа жауапты компания кранның техникалық жағдайы дұрыс болған деп отыр. Ал полиция құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 277-бабы (құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеліп соққан әрекет) бойынша алты жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Келесі мақала