Денсаулық
20 жыл бойы комада жатқан Сауд Арабия ханзадасы қайтыс болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 шілде, 2025
- 80

20 жыл бойы “ұйқыда жатқан” ханзада көз жұмды.
20 жыл бойы комада жатқан Сауд Арабиясының ханзадасы Аль-Валид бин Халед бин Талал Аль Саду 19 шілдеде қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы оның әкесі, ханзада Халед ибн Таляль желідегі парақшасында бөлісті.
«Алланың қалауымен балам Уалид ибн Халед ибн Таляль әл-Саудпен қоштастым. Жаратқан рақымына алсын», – деп жазды ол өзінің парақшасында.
Аль-Валидтің комаға 2005 жылы түскен. Оған Лондонда орын алған жол апаты себеп болған. Ол кезде ханзада 16 жаста болған.
Содан бері ол Эр-Риядтағы клиникалардың бірінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылып жатқан. Дәрігерлер оның ми қызметі қалпына келмейтінін көрсеткенімен, әкесі аппаратты өшіруден бас тартқан.
Алайда 20 жыл бойы комада жатқан ханзада оянбастан көз жұмды.