Адвокат: заң-жазалау құралы емес, әділетті қоғам орнату- тетігі
- автор kyn.kz
- 20 шілде, 2025
- 573

Заң мен тәртіптің айырмашылығы қандай? Қоғамдағы әділеттілікті орнату үшін әр адам неден бастауы керек? KYN.KZ тілшісінің осы және өзге де сұрақтарына заңгер Эльнура Кішкенбаева жауап береді.
Қоғамдағы әділеттілікті орнату үшін әр адам неден бастауы керек?
Әділетті қоғам құру – бір ғана адамның немесе бір органның міндеті емес, бұл бүкіл елдің, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Сондықтан әділеттілікті орнату әркімнің өзінен басталуы тиіс. Біреудің құқығын таптамау, өз міндетіңді адал атқару, кез келген жағдайда әділ шешім қабылдай білу үлкен өзгерістердің бастауы. Күнделікті өмірде үйде, жұмыс орнында, көшеде әділетке негізделген әрекет жасап үйренуіміз керек. Мысалы, кезекке тұру, жол ережесін сақтау, пара бермеу мен алмау, шындықты айту сияқты қарапайым нәрселердің өзі қоғамда әділет құруының негізі бола алады. Сонымен қатар заңды құрметтеу мен оны орындау әр азаматтың парызы. Заң бар жерде тәртіп, ал тәртіп бар жерде әділеттілік орнайды. Бірақ заңды тек жазалау құралы деп емес, қоғамдағы үйлесімділікті сақтайтын жүйе деп түсінуіміз керек. Егер әр адам өз ар-ұжданына сай әрекет етіп, өзгеге құрметпен қарап, әділдік принципін басшылыққа алса біз шынымен де әділет үстемдік еткен қоғамда өмір сүре аламыз.
Заң саласына келуге ниетті жастарға қандай кеңес берер едіңіз?
Бірінші кезекте, бұл мамандыққа жүрекпен келу керек. Заңгер болу – тек бап жаттап, іс жүргізу емес. Бұл – адам тағдырына әсер ету, қоғамдағы әділет пен шындықтың қорғаны болу деген сөз. Егер сіз шын мәнінде әділеттілік үшін күресуге дайын болсаңыз, тыңдауды, түсінуді және нақты әрекет етуді үйренгіңіз келсе – бұл сала сізге арналған. Ең бастысы біліммен бірге адамгершілікті де ұмытпаңыз.
Ұлттық Статистика Бюросы жариялағандай, Зерттеу қорытындысы бойынша прокуратураға сенетін адамдардың үлесі 65,2% құрады, ішінара сенетіндер- 26,6%, сенбейтін сияқты адамдар – 2,7%, сенбейтіндер - 2,3%. Жауап беруге қиналғандар үлесі 3,2% құрады.
Полиция органдарына сенетіндер үлесі 64,4% құрады, ішінара сенетіндер – 26,6%, керісінше сенбейтіндер – 4,4%, сенбейтіндер – 2,9%. Жауап беруге қиналғандар үлесі 1,7% құрады.