«Мұсылмандар – нағыз шошқа»: қарағандылық қыздың желідегі жазбасы көпшіліктің ашуын туғызды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:41
- 879

Әлеуметтік желіде мұсылмандарды «шошқа» деген қыздың пікірі көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қыз өзінің Threads желісінде жазған. Ол қазақтарды «мамбет», «қалбит», «қазақшасөйлешник» деп атаған, ал мұсылмандарды «шошқаға» теңеген.
«Мұсылмандар нағыз шошқа. Қаншама рет байқадым, сендерден кейін дәретхананың іші толған су, тіпті есіктің тұтқасына дейін су болып тұрады. Одан да үйлеріңде отырсаңдаршы», - деп жазған ол.
Ашуға булыққан желі қолданушылары оны ұлтараздық араздық қоздырғаны үшін жауапқа тартуға шақырды.
Бірақ көп уақыт өтпей қыз Threads-тегі парақшасын өшіріп, Instagram-да кешірім сұрап видео жариялады.
Ұлтаралық немесе дінаралық араздықты қоздыру Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша жазаланады. Бұл бап бойынша айыппұл, немесе жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.