Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Көзі байланып қалды»: Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірген жүкті әйелдің достары оқиға туралы айтты

«Көзі байланып қалды»: Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірген жүкті әйелдің достары оқиға туралы айтты
Сурет: жеке парақшасынан
Айзат пен Айбардың отбасылық достары олар туралы шындықтарымен бөлісті.

Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірген Айзатқа қатысты тың мәлімет айтылды. Отбасы болып араласатын достары өз шындықтарымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Дана Қасымова есімді желі қолданушысы айтты.

"Айзат пен Айбар отбасылық достарымыз еді. Құрдастар болып, жақсы араласатынбыз. Біз олардың бір-бірінет қабақ шытқанын көрген емеспіз. Ылғи бір-біріне қамқор еді.

Пікірлерде ауыр сөздер жазылып жатыр. Марқұмның артынан ондай сөздер сөйлемесеңіздер деп айтамын. Айзаттың өте жақсы келіншек болғанын көзіміз көрді. Айбарды да абьюзер, тиран деп айтатындай оның сондай әрекетін көрмептік. Онда достарының арасында жүргенде байқайтын едік қой. 3 жыл жақын араластық.

Айбар бәлкім бірдеңе ішті ме, шекті ме, кім білсін. Көзі байланып қалды ма, білмеймін. Қалай десек те, қылмыс жасалған болса, әркім өз жазасын алады деп сенемін. 

Қалай болғанда да, достарымыздың бірін өлімге, бірін түрмеге қимаймыз. Жетім қалған қызына, ішінде қалып кеткен баласына обал. Әділдік болсын", - дейді ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар