Өте қатты ыстық: алдағы күндері де елімізде + 42 градус ыстық болады
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 шілде, 2025
- 782

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
22 және 24 шілдеде еліміздің батысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ пен дауылды жел болуы ықтимал. Ал республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі.
«Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік пен шығыс өңірлерде тұман күтіледі.
22-23 шілде күндері Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз өте қатты ыстық – 40°С, Алматы облысының батысында, солтүстігінде және орталығында 42°С болжанады.
Күшті ыстық күндіз батыс өңірлерде 35-39°С, республиканың оңтүстік-батысында 38-42°С, 24 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде 35°С, орталық өңірлерде 35-38°С, елдің оңтүстігінде 40-42°С, оңтүстік-шығысында 35-39°С күтіледі», – делінген синоптиктер болжамында.
Ұқсас жаңалықтар
“Перизат Қайраттың артында кім тұрған”: ҚМА өкілі жауап берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қыркүйек, 2025