Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанадағы автобус апатынан екі аяғынан айырылған қыз ауруханадан шығарылды

Астанадағы автобус апатынан екі аяғынан айырылған қыз ауруханадан шығарылды
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Екі аяғынан айырылған 7 жасар Алуа Бекеннің қазіргі жағдайы белгілі болды.

Астанада автобус қатысқан жол апатынан кейін екі аяғынан айырылған кішкентай қыз реабилитациялық орталықтан шығарылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz тілшісі.

Анасының айтуынша, 7 жастағы Алуа Бекен реабилитациялық орталықтан шыққан.

“Қазір бәрі жақсы. 18 шілдеде реабилитациялық орталықтан шықтық. Қазір демалып жатырмыз. Жақында протезбен жұмыс істеуді бастаймыз, әрі қарайғы оңалтуды басқа жерде жалғастырамыз”, – деді қыздың анасы.

Оның айтуынша, жақын арада Алуаға протез орнатуға дайындық басталады. Қыздың эмоционалдық жағдайы да тұрақты.

“Қызымның жағдайы жақсы, өзін қалыпты сезінеді. Бізге алты айға (реабилитация кезеңіне – ред.) төрт бөлмелі пәтер берілді. Сонымен қатар, бізге пәтер сыйға берілді, бірақ оның құрылысы қазан айында аяқталады”, – деп қосты анасы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар