Қоғам
Перизат Қайрат ісі: анасы сотта жауап беруден бас тартты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:30
- 488

Перизат Қайрат ісі бойынша жарыссөздер басталады.
Перизат Қайраттан сотта жауап алынды. Ал оның анасы жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
22 шілдеде сотта Перизат Қайрат ісі бойынша жарыссөздер басталады.
"Сотталушы Қайрат П.-дан жауап алынды, ал айыпталушы Алашбаева Г. өз құқығын пайдалана отырып, жауап беруден бас тартты. Іс бойынша жарыссөз 2025 жылғы 22 шілде күні сағат 11.00-ге тағайындалды", - делінген Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарламасында.
Еске салсақ, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.