Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«5 000 теңгелік қолдан жасалған»: Ұлттық банк жалған ақшаларға қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады

«5 000 теңгелік қолдан жасалған»: Ұлттық банк жалған ақшаларға қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Сурет: 365info.kz
Қазақстанда жалған ақшалар айналымда жүр.

Ұлттық банк қазақстандықтарға үндеу жасады. Жалған ақшаға алданып қалмауды ескертіп, сақ болуға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында сомасы 465 150 теңге болатын 96 жалған ақша белгісі (93 банкнота және 3 монета) анықталған.

Көбіне 5 000 теңгелік номинал қолдан жасалған. 5 000 теңгелік 85 дана жалған банкнота тәркіленген. Бұл жалпы тәркіленген ақшалардың – 88,5 пайызы.

"Одан кейін 5 дана (5,2 пайыз) – 2 000 теңгелік номиналға, 3 дана (3,1 пайыз) – номиналы 10 000 теңгелік банкноталарға, қалған 3,2 пайыз – монеталарға тиесілі", - делінген хабарламада.

Осы орайда Ұлттық банк шынайы банкноталарды қолдан жасалған ақшадан өз бетінше ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелерді еске салады.

Жалған банкноталар, әдетте, кәдімгі офсеттік қағазды қолдана отырып, түрлі түсті принтер және компьютерлік техниканың көмегімен жасалады.

Микротекстер бұлыңғыр келеді және ұлғайтқан сайын анықтығын жоғалтады. Жалған банкнотада арнайы белгі жоқ.

"Қазақстан Ұлттық банкі банкноталарды қолдан жасауға жол бермеу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді және азаматтарды қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде мұқият әрі сақ болуға шақырады.

Егер шынайы ақша белгілеріне ұқсас күмәнді банкноталар кезігетін болса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінген жөн", - дейді Ұлттық банк өкілдері.

Шынайы банкноталарда қарап және қолмен ұстап анықтауға болатын бірнеше қорғаныш белгілері бар. Ол белгілермен Ұлттық банктің ресми сайтында танысуға болады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар