Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасын 8 жылға соттауды сұрады

Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасын 8 жылға соттауды сұрады
Сурет: ашық дереккөздерден
Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша сот жабық режимде өтті.

Прокурор Арман Казекен мемлекеттік айыптаушы ретінде Перизат Қайратқа 10 жылға, ал анасын 8 жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы жабық режимде өтті. Себебі іс құпия деректерді, соның ішінде банк құпиясын қамтитын құжаттарды қарастырумен байланысты болды.

Айыптаушы тарап Перизат Қайратты мемлекеттік награда «Шапағат» медалінен айыруды сұрады.

Мемлекеттік айыптау тарап Перизат Қайрат пен оның анасы жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтеуі керек деп есептейді.

«Қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүліктер тәркіленіп, жәбірленушілерге материалдық залалды өтеу ретінде берілсін», - деп қосты прокурор.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар