
Кәріз құдығын тазарту кезінде екі адам қаза тапты.
Қарағандыда құдықтан екі ер адам өлі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға Федоровка ауданындағы жетінші кәріз-насос станциясында құдықтардың бірін тазарту кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар жабық кеңістікте метан газының әсерінен тұншығып қалған.
"Бұл факт расталады. "Қарағанды Су" ЖШС-нің екі қызметкері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапты", — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Еңбек инспекциясы тарапынан тексеріс жүргізіліп жатыр.
"Қарағанды Су" компаниясы әзірге ресми сараптама нәтижелерін күтудің қажет екенін айтып, егжей-тегжейлі түсініктеме беруден бас тартты.