Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуыл жасайтындарға жазаны күшейтуді бұйырды

Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуыл жасайтындарға жазаны күшейтуді бұйырды
Сурет: Freepik
Тоқаев медицина қызметкерлеріне күш көрсететіндерге жазаны қатаңдату туралы ұсынысты қолдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне күш көрсететіндерге жазаны қатаңдату туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдайды.

Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге "Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек.

Президент үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады", - деп жазды Руслан Желдібай Telegram-дағы арнасында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар