«Ол кісіге жаным ашиды»: Перизат Қайрат сотында жәбірленуші оның анасына жеңіл жаза беруді ұсынды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:01
- 473

Перизат Қайратқа қатысты сот отырысында жәбірленуші Олжас Садық айыпталушының анасы Ғайни Алашбаеваның жазасын жеңілдетуді сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогер 2023 жылы Газа халқына қолдау ретінде ел азаматтарынан ерікті түрде қаражат жинап, жиналған 83 млн теңгені «Biz Birgemiz» қорына аударған.
«Қаржыны қорға аударған соң Перизат сирек сөйлесе бастады. Уәде етілген есеп-қисаптың орнына түрлі себептер айта бастады. Уақыт өте келе халықтың сеніп тапсырған ақшасы қайырымдылыққа емес, айыпталушының жеке шығындарына жұмсалғаны белгілі болды», – деді Олжас Садық соттағы сөзінде.
Ол сөзінде Ғайни Алашбаеваның денсаулық жағдайына байланысты оны үйқамақта қалдыруды сұрады.
«Ғайни Алашбаеваның да кінәлі екені анық. Бірақ оның денсаулығын ескерген жөн. Оны үйқамаққа алу орынды болар еді. Ол кісіге жаным ашиды. Аяушылық танытқанымыз жөн», – деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін Перизат Кайрат су тасқынынан зардап шеккендер үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген болатын.