Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Теңге құнсызданып, доллар 540 теңгеге дейін көтерілді

Теңге құнсызданып, доллар 540 теңгеге дейін көтерілді
Сурет: Zakon.kz
Елімізде доллар бағамы көтерілді.

Қазақстанда доллар тағы қымбаттады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде долларды 539-540 теңгеден сатып жатыр, сатып алу бағасы – 532-533 теңге. Алматыда доллар 538-541 теңге аралығында сатылып жатыр, сатып алу бағасы – 534-537 теңге.

Айта кетсек, 22 шілдеде Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 535 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынған болатын. Алматыда сатылымдағы орташа бағам – 532 теңге, сатып алу – 530 теңге болған.

Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша, 1 АҚШ доллары 531,96 теңгеге тең.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар