«Күйеуі оған үш пәтер бермекші болған, бірақ оны түрмеге жапты»: белгілі журналист дипломат күйеуінен қорлық көрген Карина Мамашқа қатысты ойымен бөлісті
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 шілде, 2025
- 446

Белгілі журналист, тележүргізуші Динара Егеубаева дипломат күйеуінен он жылдан аса қорлық көріп келген Карина мамашқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол әлеуметтік желіде Карина Мамашқа жазылған сыни пікірлерге ашуланды.
«Карина Мамаш туралы әлеуметтік желіде абьюзер күйеуі оған үш пәтер бермекші болған, енді ол оны түрмеге жапты деген жазбаларды көрдім. Әлдебіреу оның инстаграмдағы суретін алып, зорлық-зомбылыққа тап болған әйелге ұқсамайтынын жазған. Енді бұл сурет барлық желіде тарап кетті. Бұл оның шынайы болмысын көрсететінін жазған», - дейді журналист.
Айтуынша, Карина Мамаш туралы әйелдер де теріс пікір жаза бастаған.
«Қазір оны әйелдер де сөгуде. Неге? Өйткені қыз әдемі, жас болғаны үшін бе? Мысалы мен мұндай хас сұлудың қор болғанын қаламаймын. Мен оның бақытты өмір сүргенін қалаймын. Негізінде ол басқаларға зорлық-зомбылыққа шыдамаудың үлгісін көрсетті. Қоғам да оны қолдауы керек еді. Күйеуі не берсе де маңызды емес. Ұру, соғуға шыдауға болмайды. Егер шыдап жүре берсе Салтанат Нүкенова оқиғасы сияқты соңы аянышты болады», - деп жазды ол.
Сонымен қатар Карина Мамашты танымайтынын, бірақ оған қарсы жазылған теріс пікірлерді түсінбейтінін жеткізді.