«+42 градусқа дейін ыстық»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 шілде, 2025
- 194

"Қазгидромет" синоптиктері 24, 25 және 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклон өтеді, соған байланысты жаңбыр мен найзағай күтіледі, республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады.
Елдің шығысында және оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстікте құмды дауыл болуы мүмкін.
Синоптиктер 24–26 шілде аралығында Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты ыстық болады деп ескертеді.
24 шілде Батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыста +35…+38 градусқа дейін ыстық, орталықта +38 градусқа дейін, оңтүстікте +40…+42 градус, оңтүстік-шығыста – +35…+39 градус.
25 шілде Алматы облысының батысы мен солтүстігінде аптап ыстық +42 градусқа дейін, Орталық пен шығыста +35…+38 градус; Оңтүстікте +42 градусқа дейін; Оңтүстік-шығыста – +35…+39 градус.
26 шілде Алматы облысының батысы мен солтүстігінде +42 градусқа дейінгі ыстық сақталады, Шығыс және оңтүстік-шығыста – +39 градусқа дейін, Солтүстік өңірлерде – +35 градусқа дейін.