Қоғам
Маңғыстауда мектептің шатыры құлады: қылмыстық іс қозғалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 шілде, 2025
- 82

Маңғыстауда мектептердің бірінде шатыр опырылып түсті.
Маңғыстаудағы мектептердің бірінде шатыр құлағаны туралы видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылындағы мектеп-гимназияның шатыры құлаған.
Оқиғаны өңірлік төтенше жағдайлар департаменті растады. 23 шілдеде қылмыстық кодекстің 278-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл туралы облыс әкімдігі Facebook парақшасында жазды.
“Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 278-бабы 2-бөлігі (Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың бөліктерін пайдалануға қабылдау немесе пайдалануға беру кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ қазір мектеп аумағына бөгде адамдардың кіруіне уақытша тыйым салынған.