Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 шілде, 2025
- 73

Марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталғандардың бірі түрмеден босап шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Думан Ысқақтың босап шыққаны туралы ақпаратты Шерзат Полаттың ісін қорғаған заңгер Мейірман Шекеев айтты.
«Шерзат ісі бойынша апелляциялық сот мәжілісі 2025 жылдың 18 тамызы күні сағат 11:00-ге Алматы облысының сот ғимаратында өтеді.
Сонымен қатар, Думан Ысқақ бірінші сатыдағы сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, ол қамаудан босатылды», - дейді заңгер.
Айта кетсек, Шерзат Полат ісі бойынша сот үкімі жарияланып, Думан Ысқақ Қылмыстық кодекстің 434-бабы, яғни ауыр қылмыс туралы хабарламау бойынша 1 жыл 6 айға сотталған болатын.