Қоғам
Ішінде бес бала бар: Ресейде 49 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 шілде, 2025
- 110

Ресейде апатқа ұшыраған ұшақтың сынықтары табылды.
Ресейдің Амур облысында 40-тан астам адам отырған Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазір ұшақтың сынықтары табылды. "Ангара" әуе компаниясының ұшағы Благовещенск қаласынан Тындаға бағыт алған. Бортта 43 жолаушы, оның ішінде бес бала және алты экипаж мүшесі болған.
РИА Новости мәліметінше, Ан-24 ұшағы Тында қаласынан 15 шақырым жерде, тау етегіндегі қиын жерде табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, тірі қалғандар жоқ.
Қайғылы оқиға орнына Ресейдің ТЖМ-нен 50 маман мен 10 техника бірлігі жіберілді.