Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Аиша екеуміз балаларды бөлісіп алғанбыз»: Бүркіт отбасындағы жағдайды айтты

«Аиша екеуміз балаларды бөлісіп алғанбыз»: Бүркіт отбасындағы жағдайды айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Бүркіт балаларын қалай тәрбиелейтіні туралы айтты.

Белгілі әнші Бүркіт балалары туралы айтып, олардың тәрбиесіне тоқталды, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында сөз етті. Ол қыз балаға дауыс көтермейтінін, ал ұлдарын үнемі қадағалауда ұстайтынын айтты.

"Қызыма ұрыспаймын, ол ерке қыз. Анасына айтқанмын, «өзің тәрбиеле, ұрыссаң өзің ұрыс» деп. Аиша екеуміз балаларды бөлісіп алғанбыз. Ал екі ұл менің тәрбиемде. Екеуі ондай қатты бұзық та емес, мәдениетті балалар. Бәрі мемлекеттік мектепте оқиды. Қазақ мектебінде білім алады, оқуы жақсы. Оларды ақылы мектептен алып кеттім", – деді әнші.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар