Қоғам
Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі бүгін шығады
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 шілде, 2025
- 736
Бүгін Перизат Қайрат ісі бойынша сотта судья үкімді оқиды.
Бүгін 1,5 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі шығады. Сот отырысы ашық түрде өтеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бүгін сағат 15.00-де судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайрат ісі бойынша үкімді оқиды.
Осыған дейін прокурор Перизат Қайратты 10 жылға, анасы Ғани Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Сондай-ақ мүлкін тәркілеп, түскен қаражатты жәбірленушілерге қайтаруды талап етті.
Перизат Қайрат ісі бойынша өткен жарыссөз кезінде жәбірленушілер айыпталушыларға қатаң жаза беруді талап етті. Алайда жәбірленушінің бірі Садық Олжас Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваға сотта адамгершілік танытып, қатаң жазаламауды сұраған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Шымкентте туған әкесі 15 жастағы қызын төрт жыл бойы зорлап келген
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 желтоқсан, 2025
Қоғам
Шымкентте жаңа жылдық безендәріуге 99 миллион теңге қаржы бөлінбек
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 желтоқсан, 2025




