Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алакөлде қайық 63 жастағы әйелді басып кетті

Алакөлде қайық 63 жастағы әйелді басып кетті
Сурет: burevestnik.ru
Қайық әйелді жүзіп бара жатқанда басып кеткен.

Алакөл көлінде 63 жастағы әйелді қайық басып кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаық әйелді ол жағадан 200-250 метр жерде жүзіп жүрген жерінен басып кеткен. Ауыр жарақаттарының салдарынан мерт болды. 

Абай ауданының полиция басқармасы көлде жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

"Катер жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, іс бойынша сараптама тағайындалды. Оқиға орнында уәкілетті органдар тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.

Туризм және спорт министрлігі марқұм әйелдің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бірақ су көлігі қызметін реттеу мәселелері, соның ішінде лицензиялау, басшылыққа қабылдау, техникалық байқау және шағын көлемді кемелерді тіркеу бөлімнің құзыретіне кірмейтінін атап өтті.

 

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар