Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі:Ешқашан ел басшылығына қарсы шыққан емеспін, мені қудалап жатыр

Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі:Ешқашан ел басшылығына қарсы шыққан емеспін, мені қудалап жатыр
Инстаграм
Нұржан Иманалиев: Жас кезде қателік кеткен болар, бірақ қазір түзелдік.

Кезінде Дикий Арманның жан жолдасы болған Нұржан Иманалиевті қудалау, жауапқа тарту қандай да бір айып тағу басталған көрінеді. Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Ианалиев жайлы ақпарат беттеріне қысқа әрі шағын материалдар шыққан болатын. Ондағы мәліметтер "тергеліп жатыр, ұсталды, іздеуде" деген мағынада қысқа болатын. Бірақ, ресіми түрде айыптау  бабы айтылмаған. Бүгін Нұржан Иманалиевтің өзі жеке парақшасында  ізіне "адамдар" түскенін, өзінің ақ, таза екенін ақтала жазған.

«Біз өз еліміздің адал ұлымыз…» Бір адамды айыптау – оңай. Бірақ адамның тағдыры – бір парақ хаттамадан тұрмайды. Оның жүрегі бар. Оның артында тәрбие, өмір жолы, еліне деген сүйіспеншілігі бар.Біз – ел тонамаған, біреудің нанын тартып алмаған, ешкімнің көз жасына қалған жауыз емеспіз.
Біз де дұға тілейміз. Біз де өз үйімізге аман-есен оралуды аңсаймыз. Біз де елдің тыныштығын қалаймыз.

Иә, жастықпен кеткен қателіктер болған шығар. Бірақ біз есейдік, сабақ алдық, түзелдік. Қоғамға пайдасы тиетін азамат болуға тырыстық. Біз ешқашан мемлекетке, үкіметке немесе ел басшылығына қарсы шыққан емеспіз. Қайта, заң алдында міндетіміз болса – жауап бердік.Бүгінде мені дәлелсіз айыптап, жала жауып, қудалауға тырысып жатқандар бар. Бірақ мен ешкімді сатқан жоқпын. Ешқайда қашқан жоқпын. Мен – туған жерін, елін, халқын шын жүрегімен сүйетін қарапайым қазақпын.

Ақиқатты айту – қылмысқа айналған заман. Бірақ мен білемін: Алла – Әділ. Ол жүректерді көреді. Ниетті біледі. Менің ар-ожданым да, ниетім де – Оның алдында таза. Бұл маған жеткілікті",-деп жазды  Нұржан Иманалиев.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар