Қоғам
«Бір реттік неке» ұсынған»: Ақтөбеде мешітке келген ер адам бойжеткенге тиісіп, қысым көрсеткен
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:28
- 56

Мешітте ер адам қызға бір реттік некеге тұруға ұсыныс жасаған.
Ақтөбеде бойжеткен мешітке келген ер адамның өзіне тиісіп, “бір реттік неке” ұсынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Полиция ер адамды ұстады. Бұл туралы видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. Қыздың айтуынша, ер адам оны мешіт ғимаратынан шығуына кедергі келтіріп, интимдік жақындық үшін некеге тұруды ұсынған.
“Интимдік қарым-қатынас үшін “бір реттік некеге” отырайық деп қоймай қойды. Түрлі сөзбен көндірмек болды, қысым көрсетті”, – деп жазды қыз өз парақшасында, видеоны да қоса жариялады.
Бұл видеодан кейін полиция ер адамның кім екенін анықтап, оны бөлімшеге жеткізген.
Ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 449-бабы, 2-бөлігі — “Қоғамдық орында тиісу” бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.