Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына ұшырады: олардың жағдайы белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 шілде, 2025
- 361

Дәрігерлер жол апатына түскен атақты спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
«Рахмоновтар алдын ала диагнозбен травматология бөліміне жатқызылды: жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы», - деп соңғы ақпаратпен бөлісті департаменттің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 27 шілде күні сағат 08:50-де республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тас жолының 299-шақырымында Қарағанды облысынан Алматы бағытында келе жатқан Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен болатын.
Көлікте бірнеше адам – Шавкат Рахмоновтың әйелі ұлы мен оның достары болғаны хабарланды.