Мәдениет
«Көп зардап шектім»: Мөлдір Әуелбекова «намаз» оқитын ер адамнан бақыт көре алмағанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 шілде, 2025
- 80

Мөлдір Әуелбекова өзінің екінші рет тұрмысқа асығыс шыққанын айтып, өкінді.
Әнші Мөлдір Әуелбекова қыз-келіншектерге кеңес берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол өзінің екінші рет тұрмысқа асығыс шыққанын айтып, қыздарды жар таңдау кезінде қателеспеуге шақырды.
“Жігіт намазда екен, қиянат жасамайды” деген сеніммен тұрмысқа шықпаңыздар. Мен екінші рет тұрмысқа солай асығыс шықтым. Бірақ, некеден кейін ғана, мен “намаз” көрсеткіш емес екенін түсіндім. Оған дейін, “намаздағы ер Алланың аманатына қиянат жасауы мүмкін емес” деп ойладым. Бірақ, өкінішке орай, сол адамнан көп зардап шектім. Асықпаңыздар! Жар таңдауда қателеспеңіздер!", – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Мөлдір Әуелбекованың кеңесіне қатысты өз ойларын түсіндеді.
Келесі мақала