Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Рысмағамбетовтың қазіргі жағдайы белгілі болды

Рысмағамбетовтың қазіргі жағдайы белгілі болды
Сурет: ашық дереккөздерден
Дінтанушы Елдос Жұман жол апатына ұшыраған Нұрсұлтан Рысмағамбетовтың қазіргі жағдайы туралы айтты.

Жол апатына ұшыраған дінтанушы, уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбетовтың қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әлеуметтік желіде имам, дінтанушы Елдос Жұман жариялады.

«Ассалаумағалейкүм, қадірменді мұсылман бауырлар! Соңғы жаңалықтарға байланысты естіп жатсыздар, Нұрсұлтан ұстаз жол апатына ұшырады. Қазір ұстазымызда бәрі жақсы, Аллаға шүкір! Емін жалғастырып жатыр, барлық отбасы дін-аман. Алла сақтасын, ешқандай жерде сбор, ақша  жиналып жатқан жоқ, Сенбеңіздер! Дұғада болыңыздар», деді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар