Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматылық әйел футболдан Франция құрамасының жеңісін тура тауып, тіккен ақшасын 135 есе көбейтіп алды.

Алматылық әйел футболдан Франция құрамасының жеңісін тура тауып, тіккен ақшасын 135 есе көбейтіп алды.
ашық дереккөз
Алматы тұрғынының тіккен мың теңгесі 135 мың теңгеге еселенді.
Ол Хорватия мен Фанция ойынына тура болжам жасаған, деп жазды Sputnik. Әлем чемпионатының нәтижесі ойын соңы секілді күтпеген жеңіспен аяқталды. Франция құрамасы сарапшылардың болжамына сай емес басқаша ойнады. Ресей тұрғыны Елена Рогожина Бішкектен Алматыға көшіп келген. Тұрмыстық техника мен электронды құрылғылар сату компаниясына жұмысқа орналасқан. Ол бұрын спортқа қызықпапты. Әріптесінің 2 жарым мың теңге тігіп, 300 мың ұтқанын көреді. Өзі де болжам жасап көреді. «Букмекерлік кеңсеге келдім де, болжамдарға қарадым. Франция 6:0 есебімен жеңетін жағдайда, 500 мың ұтуға болады екен. 3:1 болған жағдайда 23 мың теңге тиеді. Сондықтан 4:2 деген болжамды таңдадым. Бұл ең дұрыс нұсқа секілді көінді. Осылайша Франция маған 135 мың теңге табыс әкелді», – дейді ол.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар