Қоғам
«Найзағай мен бұршақ»: шілде айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 шілде, 2025
- 710
Шілде айының соңғы күндерінде елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
«Қазгидромет» РМК шілде айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Шілде айының соңғы күндерінде елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады.
«Ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр мен екпінді жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік облыстарда шаңды дауылмен қатар жүруі мүмкін.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы +18…+23 °C дейін төмендейді. Қалған аумақта ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді деп болжанып отыр», – делінген синоптиктер болжамында.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қарағанды облысындағы кафе жарылды: 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды
- авторkyn.kz
- 13 желтоқсан, 2025
Қоғам
Қызылордада 95 жастағы ардагер мүгедектік ала алмай жүр
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2025




