Шавкат Рахмоновтың жол апатына түскен әйелі мен ұлы ауруханадан шығып кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 шілде, 2025
- 423
Спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы ауруханадан шығып кетті. Бұл туралы Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Гулайым Рахмонова ұлымен Шы қалалық ауруханасынан қолхат жазып, шығып кеткен.
«Зардап шеккендер тиісті қолхат жазып, Шу қалалық ауруханасынан шығарылды. Олар Алматы қаласына жолға шықты. Медициналық мекемеге ешқандай шағымдары жоқ», - деді басқарамадан.
Еске салсақ, Шавкат Рахмоновтың жол апатына түскен әйелі мен баласының денсаулық жағдайы орташа ауыр деп белгіленген болатын. Алдын ала қойылған диагноз – жабық бас-ми жарақаты, миының соғылуы.
27 шілдеде Алматы-Екатеринбург тасжолында Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы және достары Қарағандыдан Алматыға Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша әйел тізгінге ие бола алмай қалғандықтан көлік аударылған. Оқиға салдарынан 39 және 35 жастағы әйел көз жұмды.
Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысындағы кафе жарылды: 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды
- авторkyn.kz
- 13 желтоқсан, 2025
Қызылордада 95 жастағы ардагер мүгедектік ала алмай жүр
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2025




