«Қалдықтары табылды»: Қорғаныс министрлігі Алматы облысында жоғалған тікұшаққа қатысты мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 шілде, 2025
- 222

Қорғаныс министрлігі Алматы облысында Сорбұлақ су қоймасы маңынан бөлшектері табылған EC-145 әскери тікұшағына қатысты мәлімдеме жасады. Экипажын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сорбұлақ су қоймасы ауданында іздеу-құтқару операциясы бес тәулік бойы жалғасқан.
“Суға 13 бірлік жүзу құралы жұмылдырылып, түбін тексеруге арнайы техникалық құралдар пайдаланылуда. Операцияларға қосымша бес әскери бөлімнің күш-құралдары тартылды. Жұмыс тәулік бойы жалғасуда. Іздеу шаралары барысында тікұшақтың қалдықтары табылды. Оларды анықтау жұмыстары жүргізілуде”, – делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігі әзірге жоғалған тікұшақ экипажы табылмағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстары бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жатқанын атап өтті.