Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Кейбір қазақстандықтардың жалақысы 50%-ға өседі

Кейбір қазақстандықтардың жалақысы 50%-ға өседі
Сурет: gov.kz
Қазақстанда 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін.

Қазақстанда су саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл өзгеріс 25 мыңнан астам қызметкерге қатысты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Су саласындағы кадр тапшылығы жақын арада шешімін табуы мүмкін. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі үміттеніп отыр. Ведомствоның ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ляззат Жүсіпованың сөзінше, 1 шілдеден бастап «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысы өсірілді.

“Жалпы алғанда, бұл өзгеріс реттелетін су беру және су бұру қызметін көрсететін 25 мыңнан астам жұмысшының жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Аймақтық ерекшеліктер мен статистикаға сүйенсек, еңбекақы орта есеппен 35-50 пайызға өсіп, мамандардың жалақысы жылу энергетикасы мен электр энергетикасы саласы қызметкерлерінің деңгейіне жетеді”, – деді Ляззат Жүсіпова.

Қазіргі таңда су қоймалары, магистральды және суару арналары, топтық су құбырлары секілді гидротехникалық нысандарды, сондай-ақ өңірлік бассейндік инспекцияларды қамтитын су шаруашылығы кәсіпорындарында шамамен 10 мың маман еңбек етеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар