«Негізгі рөлді сол кездегі әкімнің қызы ойнады»: Меруерт Түсіпбаева мен Баян Алагөзованың арасындағы дау жалғасын тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 шілде, 2025
- 47

Әнші Меруерт Түсіпбаева тағы да продюсер Баян Алагөзованың «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» киносы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актрисаның айтуынша, жобаның кастингі жабық өткен. Сондай-ақ, негізгі рөл сол кездегі әкімнің қызына берілген.
“Бұл сериал ұлттық арнада көрсетілді. Демек, халықтың салығынан жиналған ақшаға түсірілген. Ал негізгі рөлді сол кездегі әкімнің қызы ойнады. Мұндай "түсініксіз кастинг" қалай өтті?! – деді актриса.
Меруерт Түсіпбаеваны сыни пікірі үшін Баяннан бастап сіңлісі Бағымға дейін қаралаған.
“Мен тек пікірімді айттым. Содан кейін Баян, Бағым, бәрі жабылып, боқтады. "Сен ешкім емессің", "нөлсің", "бездарная" деп айтты. Баянмен бірге оқыдым. Ол кезде мен музыка-драма бөлімінде оқып жаттым, ол енді ғана түскен. Мен көшеден келген адам емеспін, білімдімін. Қолымдағы құжаттармен кез келген адамды құлата аламын”, – деп ренжіді әнші.