«Әйелдер мен балаларды қорқытқан»: Ақмола облысында демалыс базасында жекпе-жек жаттықтырушылары шу шығарды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 шілде, 2025
- 77

Зерендідегі демалыс базаларының бірінде өзін жаттықтырушылармыз деген ер адамдар жанжал шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ішімдік ішіп алған ер адамдар, өзгенің бөлмесіне кірмек болған. Олар әйелдер мен балаларды қорқытып, түн ортасында айқайлап, балағат сөздер айтқан. Одан қалса полициямен жанжалдасқан.
"Әкімші полиция жасағын шақыруға мәжбүр болды. Бірақ қызметкерлердің келуі де қонақтарды тоқтатпады — керісінше, олар одан бетер ерсі қылықтар көрсетіп, өздерін ешкім тоқтата алмайтынын, олар үшін ешкім заң емес екенін ашық көрсетті. Адамдар да. Заң да. Форма да.
Оқиғаның бәрі видеоға түсірілген. Біз сіздерге тек үзіндісін көрсеттік, жағдайдың қаншалықты күрделі екенін түсіну үшін. Полиция қызметкерлерінің кеудеге тағылатын камераларындағы жазбалар да сақталды деп үміттенеміз және барлық тиісті бап бойынша іс қозғалғанына сенеміз", – делінген жарияланымда.
Оқиғаға қатысты пікір білдірген Ақмола облыстық Полиция департаменті оқиға 17 шілдеде Зеренді ауданындағы демалыс орындарының бірінде болғанын хабарлады.
"Құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері Әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша материалдар жинады. Зеренді аудандық сотының шешімі бойынша, ол әкімшілік қамауға алынды. Полицейлер азаматтарды көпшілік демалыс орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындауға шақырады", – делінген хабарламада.