Адвокат: саяси, құқықтық сауаты бар адам қай өлшеммен алсаңыз да ешқашан жаман өмір сүрмейді
- автор kyn.kz
- 29 шілде, 2025
- 165

Әр мемлекет дамып, өркендеуі үшін халқы жаңашылдыққа құштар болуы міндет. Егер халықтың көп бөлігі өз құқығын, өз міндетін, адам ретіндегі қарапайым тілмен айтқанда қарызы мен парызын білмесе қоғам күйреуі анық. Қазақстандықтарға құқықтық көмек ұсынып жүрген адвокат Эльнура Кішкенбаева өз тәжірибесінен азаматтық қоғамды дамытудың жолдарын, еліміздегі қазіргі деңгейге баға берді.
Сіз аудан әкімі, қала әкімі мен депутат, президент сайлауларына барасыз ба?
Мен өзіме маңызды деген дауыс берулерден қалмауға тырысамын. Тіпті сайлау болатын күні шетелде болып қалсам, сол елдегі елшіліктерге жүгіне отырып өз міндетімді, қалауымды, таңдауымды жасаймын. Сайлауға бару, дауыс беру, таңдау жасау ол үлкен мәдениет, жауапкершілік. Өзім заңгер бола тұра қалай елге маңызды шаралардан бас тартамын? Мен тіпті ол жағдайларды желіге жүктеп, мені қарап отыратын адамдарға үлгі көрсетуге тырысамын. Азаматтық қоғамды дамыту міне осыдан бастау алады. Мен құқығын білетін, дұрыс өмірге бағыт алған адам ретінде айналама үлгі бола аламын. Балаларымның, іні - сіңлілерімнің болашағына жауапкершілігім бар екенін көрсетемін. Оларды саяси жағдайларға араласуға, құқықтық сауаттылыққа үндеу әр адамның парызы. Бір адам тек ұрпағын көбейтіп, оларға дүние-мүлік емес, білім қалдырса ол үлкен мұра. Егер адам ұрпағын көбейтіп, тең қарынның қамы, ертеңі бұлыңғыр, "бұйырғаны болады" деп немқұрайлы қараса оның өзі ұрпаққа жасалған қастандық, ұлтқа жасалған үлкен қылмыс дер едім. Біз бәріміз еңбек етіп, жақсы, баршылық өмірге ұмтыламыз. Сол сияқты азаматтық қоғамның дамуы үшін әр адам отбасынан бастап, шай басынан тәрбие, соған ұмтылыс жасауы керек. Саясат саған не керек?, заңның керегі қанша? Арызқой болу ұят деген түсініктің өзі қазір ұят. Ол жол ережесін білмей, көлікпен қалаға шығып кетумен тең. Өзі білмеген адам өзіне қиянат жасап отыр. Ал өзгеге қастандығы өтеді. Сол себепті әр адам құқығын білуді, саяси сауаттын көтеруді, заманға сай ақпараттануды негізгі қажеттілік деп түсінуі керек.
Өзіңіз азаматтық қоғамды дамыту үшін қарапайым Қазақстан азаматы ретінде қандай әрекет жасап жүрсіз?
Мен алдыма келген адамның құқығын қорғап, сұрағын талдап, заңгер ретінде көмегімді беремін. Әрине ол менің мамандығым, жұмысым, ақысын аламын. Одан бөлек көшеде құқықтық кеңеске мұқтаж жан көрсем сауап үшін білгенімді түсіндіруге тырысамын. Маңайымдағының бәріне мемлекетіміздің негізгі байлы сіз боласыз, әр тұрғыны дегенді түсіндіруге тырысамын. Әрине егер меннен сұраған жағдайда. Осының өзі халықтың сауаттануына, өмірлік маңызды бағыт алуына үлкен түрткі. Қоғамда орнын тапқан адамның барлығы құқығын біледі, саяси сауатты деп айта аламын. Олар айналасына үлгі. Жастар оның материалдық жағдайына қызығады. Өскелең ұрпаққа үлгі адамының сауатты екенін, білімнің арқасында жетістікке жеткенін түсіндіруіміз қажет. Сонда ғана өскелең ұрпақ жетістікке жетудің жолы білімде екенін ұғады, сол жолға түседі. Мысалы, қазір барлығы кәсіпкер болғысы келеді. Бай адамға қызығады. Егер ол адал, заңды жолмен байыған болса үлгі. Жүріп өткен жолы, қиналысы, табандылығы жастарға сабақ. Ол сауатсыз болса жетістікке жетуі, сол жетістікті ұстап тұруы екі талай еді. Сондай дүниелерді насихаттауымыз керек. Әр ата-ана шай басында балаларына осындай маңызды әңгіме-дүкен құрғаны абзал. Ойын күлкі керек. Бірақ тек арзан әзіл адамды аздырады, баланың ойлау жүйесін жеңіл, арзан, құнсыз жолға жетелейді. Сондықтан күніне ең құрығанда өз балаңызға салмақты,мәні бар бір мысал айтыңыз. Қазіргі қоғамда болып жатқан жағдайларды талқылаңыз. Оның өзі үлкен өнеге, болашаққа көрсетілген бағыт.
Заң саласына келуге не түрткі болды?
Жазықсыз жандардың сотталып, заңды тұрғыдан мүдделерінің қорғалмай жатқанын көргендіктен қорғаушы ретінде сол жандарға көмектесу түрткі болды. Қорғаушы деп аты айтып тұрғандай кімде қандай жағдай болмасын, қиын сәттерде Алладан кейін оларды қорғайтын осы біздер, қорғаушылар болып келеміз. Сол кезде қолдан келгенше көмегімді беріп, осы кісілерге қолдау беру мақсатында келуіме себеп болды.
Заң мен әділет арасындағы айырмашылық бар деп ойлайсыз ба?
Заң – бұл мемлекеттің ресми түрде қабылдаған нормативтік құқықтық актісі, яғни жалпыға міндетті ереже. Заң — позитивтік құқықтың (positive law) басты формасы. Әділет — бұл моральдық және философиялық категория. Ол құқықтық жүйенің этикалық негізі ретінде қарастырылады. Заң әділетті болуы керек деген ұстаным құқық теориясында табиғи құқық (natural law) деп аталады. Біздің қоғамда иә, айырмашылық бар және оны күнделікті тәжірибемде жиі байқаймын. Заң - бұл жазылған ереже, нақты норма. Ал әділет адамның ар-ұжданымен, қоғамның моральдық қағидаларымен өлшенетін ұғым. Кейде заң аясында қабылданған шешім әділетті көрінбеуі мүмкін. Сондықтан шынайы әділеттілікке жету үшін заңның рухын түсіну, оны адам тағдырымен байланыстыра білу маңызды.
Қазақстандықтардың