Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов амнистияға ілікті

Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов амнистияға ілікті
Сурет: ҚР Жоғарғы соты
Бақытжан Байжановтың рақымшылық жасау туралы өтініші қанағаттандырылды.

Ақмола облысы Степногор қалалық сотында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжановтың рақымшылық жасау туралы өтініші қанағаттандырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот қаулысымен Б.-ның жаза мерзімін қысқарту туралы ұсыныс қанағаттандырылды.

"Сот 2024 жылғы 13 мамырда Б. ҚР ҚК 432-бабы бойынша төрт жылға сотталғанын анықтады. Сот сотталған Б.-ға қатысты ұсынысты мынадай негіздер бойынша қанағаттандырды: ҚР ҚК 78-бабының 2-бөлігіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін. "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға сәйкес негізгі жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі немесе мөлшері залал өтелген жағдайда не олар болмаған кезде ауыр қылмыстар бойынша үштен біріне қысқартылады", - деп жазылған сот хабарламасында.

"ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға сәйкес жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі қысқартылып, Байжановқа 1 жыл 4 ай 17 күнге бас бостандығынан айыру мерзімі белгіленді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Байжанов биыл 9 шілдеде Степногорск аудандық сотына жүгінген болатын. Байжановтың адвокаты егер рақымшылық қолданылса, жазасы шамамен сегіз айға қысқаруы мүмкін екенін айтқан.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар