Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Екі адамның өліміне әкелген жол апаты»: адвокат Шавкат Рахмоновтың әйелі бірнеше жылға сотталуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО)

«Екі адамның өліміне әкелген жол апаты»: адвокат Шавкат Рахмоновтың әйелі бірнеше жылға сотталуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО)
Сурет: Instagram/shavkatrakhmonov94
Шавкат Рахмоновтың жол апаты кезінде жол ережесін бұзғаны белгілі болды.

Жол апатына түскен Шавкат Рахмоновтың әйелі бірнеше жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы v_centre_sobytii ТикТок парақшасында жарияланды. Адвокат Бағдат Амандосұлы мәлімдемесінде спортшының әйелі жол ережесін бұзғаны үшін жазалануы мүмкін.

"Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол жол ережесін бұзып, екі адамның өліміне әкелген жол апатына жауапты. Күдіктінің кішкентай балалардың анасы екендігі жазаны жеңілдетуі мүмкін. Алайда бұл да жаза қолданудан босатпайды. Қаза тапқандардың отбасы берген кешірім де оны заң алдындағы жауапкершіліктен арашалап алып қала алмайды", - деді ол sport24.kz-ке берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың әйелі Жамбыл облысының маңында рөлге ие бола алмай жол апатына түскен еді. Нәтижесінде көліктегі қос құрбысы қаза тапты. Өзі және үш жастағы ұлы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

@v_centre_sobytii #авто #дорога #жена ♬ оригинальный звук - v_centre_sobytii

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар