Павлодарда әйел екі баласын балконнан лақтырып, артынша өзі де секірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 шілде, 2025
- 87

Павлодарда әйел көпқабатты үйдің терезесінен екі баласын лақтырып жіберді. Артынша өзі де секіріп кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының хабарлауынша, 103 қызметіне шақырту 30 шілде күні сағат 13:00-де түскен.
«Өтіп бара жатқан куәгер Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде әйел бесінші қабаттан екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткенін хабарлады. Шақырту аса шұғыл категорияға жатқызылып, оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы жіберілді», — деп хабарлады өңірлік жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Медициналық бригадалар оқиға орнына алты минут ішінде жеткен.
«Екі бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Әйел ауыр жағдайда Павлодар қалалық №1 ауруханаға жеткізілді», — деп атап өтті жедел медициналық жәрдем қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Баекенова: баланы білімге баулудың, қызықтырудың педагогикалық жолдары көп
- авторkyn.kz
- 30 шілде, 2025