Басты жаңалықтар
«Ұшақты біз атып түсірдік»: Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейдің себеп болғаны айтылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 шілде, 2025
- 69

Саясаттанушы Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақты Ресейдің кінәлі екенін айтты.
Ресейлік саясаттанушы Әзербайжан әуе кемесінің апатына Ресей Федерациясы жауапты екенін атады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сергей Марков Ақтаудағы ұшақ апаты Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленістің басты себебі болды деп есептейді.
«Ресей мен Әзербайжан арасындағы жағдайдың басты себебі сол ұшақ. Ол ұшақты біз атып түсірдік, бұл анық нәрсе. Мұны жасаған біз екеніміз белгілі. Әзербайжан да Ресей билігінің бұдан хабардар екенін жақсы біледі», – деді Марков.