Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«6 жасында бала әлсіздеу болады»: мектепке баланы қанша жастан бастап берген дұрыс?

«6 жасында бала әлсіздеу болады»: мектепке баланы қанша жастан бастап берген дұрыс?
Сурет: URA.RU
Мамандар баланы мектепке бермес бұрын оның жасына емес, қабылдай алатын қабілетіне қараған жөн екенін айтады.

1-сыныпқа құжат қабылдау науқаны жалғасып жатыр. Жергілікті атқарушы органдардың дерегіне сәйкес, биыл шамамен 370 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Білім туралы заң бойынша, елімізде балаларды мектепке 6 жастан қабылдау – міндетті талап, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Дегенмен, бұл жас бәріне бірдей ортақ межеге айналуға тиіс пе?

"Баланы мектепке беретін кезде оның физиологиялық эмоцианалды көңіл-күйін ескерген абзал. Себебі әр баланың дамуы әр түрлі. Кейбір балалар 6 жаста мектепке баруға дайын болса, кей балалар 7 жаста ғана дайын болады. Себебі балада эмоционалды жағынан дайын еместік байқалады. Себебі 15-20 минут мұғалімнің айтқанын орындап, бір жерде отыру балаға қиын болуы мүмкін", - дейді психолог Анаргүл Ибрайымбекова.

Мектепке қабылдау жасы заңмен белгіленсе де, жүйе ата-анаға белгілі бір таңдау еркіндігін ұсынады. Егер бала психологиялық немесе физиологиялық тұрғыда дайын болмаса, оны 7 жасқа дейін мектепке жіберуді кейінге қалдыруға болады. Бірақ бұл жағдайда мектепалды даярлықтан өту – міндетті.

"Физиология жағынан да баланың ұсақ моторикасы, қолының бұлшық еттері әлі де дұрыс жетілмеуінің салдарынан балаға қаламды ұстау, көркем жазу қиындау болады, 6 жасында бала әлсіздеу болады, 7 жасында дайын болады. Жаратылысқа да байланысты, кейбір балада туа біткен қабілет болады", - дейді білім орталығының жетекшісі Меңдігүл Тәттімбетова.

Бірнеше жылдан бері елімізде "Мектепке дейінгі ұйымдарда" білім беру стандарттары күшейтілген. Мамандардың айтуынша, балалардың мектепке дайындық деңгейі көбіне мектепке дейінгі білім беру сапасына байланысты.

"Баланы мектепке берудің басты өлшемі — жасы емес, дайындық деңгейі. Ол зейінін ұзақ уақытқа шоғырландыра ала ма, өз ойын еркін жеткізе, ала ма — осы сынды дағдылар маңызды. Ата-аналарға баласының дайындығына көңіл бөлуге кеңес береміз", - дейді балабақша директоры Марина Умбеталиева.

Мектеп – үлкен өмірге бастар алғашқы баспалдақ. Бала бұл жолға толық дайын болса, білім де, бейімделу де оңай өтеді. Сондықтан ата-аналар үшін ең бастысы – жасты ғана емес, баланың жеке ерекшелігін, эмоционалдық және әлеуметтік даярлығын ескеру.

Дереккөз: Астана арнасы

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар