Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ер болуды үйреніңдерші»: Мөлдір Әуелбекова өзіне айғайлаған ер адам туралы айтты

«Ер болуды үйреніңдерші»: Мөлдір Әуелбекова өзіне айғайлаған ер адам туралы айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Мөлдір Әуелбекова еркектерге ескерту жасап, оларды сынға алды.

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова әйелдерге дауыс көтеретін ер адамдарды сынады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі еркектерге ескерту жасады. 

“Еркектің ішіндегі ездерге арналады. Көлігімді кіреберіс алдына әкеліп, ауыр чемодандарды багажға салып жатсам, артынан көлік келіп, қайта қайта сигналын басып, терезесін ашып, “неғып тұрсың, кетсей былай” деп боқ ауыз сөздерімен айқай салды. Еркек атаулыңнан айналдым. Қыз баласын затын сала алмай тұрғаны үшін боқтаудың орнына, шығып көмектесе салсаң нең кетер еді? Ездер, ер болуды үйреніңдерші, өтініш!”, – деп жазды әнші. 

Бұдан бөлек баласынан бас тартқан еркектерге қатысты айтты.

“Көкек әкелерді айтамын да, өзінен туған баланы уайымдаймайды ма? Не жеп жүр, қайда жүр, денсаулығы жақсы ма, қызық емес пе? Ойдарында не бар екен?”, – деді әнші. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар