Қоғам
Қазақстанда бірінші тамыздан бастап электр энергиясы қымбаттайды
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 шілде, 2025
- 82

Электр энергиясының бағасы көтеріледі деп күтілуде.
Елімізде тамыз айынан бастап электр энергиясына тарифтер көтеріледі. Бұған қатысты энергетика министрінің тиісті бұйрығы жарияланды., деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Баға аймаққа және қызмет көрсететін компанияға байланысты орта есеппен екі теңгеге жоғарылайды.
Telegram желісіндегі "Юрист "ПАРАГРАФ" арнасының ақпаратына сүйенсек, осы құжатқа сәйкес электр энергиясын сату қызметін көрсететін келесі компанияларда тарифтік баға көтеріледі:
- Т.И. Батуров атындағы Жамбыл МАЭС тарифтерді кВт/сағ үшін 22,58 теңгеден 23,25 теңгеге көтермек.
- Ақтөбе ЖЭО 1 кВт/сағ 17,54-тен 18,19 теңгеге;
- "Жайықтеплоэнерго" АҚ – 13,25 теңгеден 13,95 теңгеге;
- МАЭК-Қазатомөнеркәсіп – 22,16 теңгеден 23,26 теңгеге;
- "Кристал Менеджмент" АҚ – 15,27 теңгеден 16,09 теңгеге;
- "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС – 21,11 теңгеден 23,58 теңгеге;
- З-Энергоорталық - 16,77 теңгеден 18,46 теңгеге;
- "Қызылорда жылу-энергетика орталығы" – 12,10 теңгеден 13,13 теңгеге;
- "Батыс Пауэр" ЖШС – 15,89 теңгеден 17,63 теңгеге;
- "Karabatan Utility Solutions" ЖШС – 10,67 теңгеден 13,06 теңгеге;
- "OzenMunaiProm" ЖШС – 26,92 теңгеден 28,68 теңгеге;
- "ТНК Қазхром" АҚ – 10,67 теңгеден 11,65 теңгеге;
- "ССГПО" АҚ – 18,82 теңгеден 18,94 теңгеге көтеріледі.
"Энергия өндіруші ұйымдардың 63-тобына бір кВт/сағ үшін 44,02 теңге тариф белгіленді", - деп атап көрсеткен дереккөз.
Бұл электр қуатымен жабдықтау қызметін көрсететін компанияларда тарифтер көтерілетінін білдіреді. Тұтынушылар үшін де баға көтеріледі деп күтіледі.
Келесі мақала
Хутиев ісі: қорғаушылар тергеу жұмысына күмән келтірді
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
+33 градус ыстық болады: 1 тамызға арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- Бүгін, 07:36