Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиенушілері сол орталықта қалатын болды

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиенушілері сол орталықта қалатын болды
Сурет: видеодан скриншот
Алматы қаласының әкімдігі балалар үйіндегілерді басқа жаққа көшіру қарастырылып жатқан жоқ екенін айтты.

Алматы әкімдігі Бағанашылдағы балалардың өз орталықтарында ары қарай білімдерін жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі

Әкімдік мәліметінше, балалар үйінің ғимаратына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілу жоспарда бар.

«Тәрбиеленушілерге заманауи әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында балалар үйінің ғимаратына кешенді қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, бұл техникалық зерттеу, жобалау-сметалық құжаттама дайындау, мемлекеттік сараптамадан өткізіп, тиісті конкурстық рәсімдерден өткеннен кейін ғана келесі жылы басталады», - делінген хабарламада.

Тәрбиеленушілер Алматы қаласындағы қазір өздері оқып жүрген мектепте білім алуын жалғастырады. Балалар үйінің ғимаратынан балаларды Қонаев қаласына көшіру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар