Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Олардың 5 баласы бар”: түлектер кешінен соң әйелін атып өлтірген ер адам 18 жылға сотталды

“Олардың 5 баласы бар”: түлектер кешінен соң әйелін атып өлтірген ер адам 18 жылға сотталды
Сурет: азаттық дауысы
Түлектердің кездесу кешінен кейін әйелін атып өлтірген күйеуі бірнеше жылға сотталды.

Ош облысының Өзген аудандық соты 38 жастағы Айзирек Ералиеваны түлектер кешіне барғаны үшін атып өлтірген күйеуін 18 жылға соттады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 24 kg-ға сілтеме жасап.

2025 жылғы 31 шілдеде шыққан сот үкіміне сәйкес, А.Б.К. есімді азамат келесі баптар бойынша кінәлі деп танылған:

Қырғызстан ҚК 122-бабы 2-бөлімі 3-тармағы – «Дәрменсіз күйдегі адамды өлтіру»;

ҚК 267-бабы 1-бөлімі – «Қаруды, оқ-дәріні заңсыз айналымға енгізу»;

ҚК 267-бабы 2-бөлімі – «Оқ қаруын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру».

Сот күдіктіге 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, 100 мың сом көлемінде айыппұл салды.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 26 мамырда болған. Қара-Кұлжа ауданында тұратын Айзирек Ералиева күйеуімен бірге мектептегі 20 жылдық түлектер кездесуіне қатысқан. Оны жұбайы кештен соң ұрып-соғып, атып өлтірген.

Олардың 5 баласы бар. Айзирек Ералиеваның үлкен ұлы - 17 жаста, Бішкектегі колледжде оқиды, екінші ұлы - 9-сыныпты аяқтаған, үшінші баласы - 11 жаста. Екі қызының бірі - 7, екіншісі - 4 жаста.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар