Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мешітте орынсыз сөздер – дінімізді қаралайтын нәрсе»: ҚМДБ Ақтөбедегі мешітте қызға тиіскен ер адамның ісіне қатысты мәлімдеме жасады

«Мешітте орынсыз сөздер – дінімізді қаралайтын нәрсе»: ҚМДБ Ақтөбедегі мешітте қызға тиіскен ер адамның ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: видеодан скриншот
ҚМБД өкілі "Әйел адамның мешітте намаз оқығаны дұрыс па?" деген сұраққа жауап берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маманы Елбек Тасболатұлы Ақтөбедегі мешітте болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, әйелдің мешітте намаз оқуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Елбек Тасболатұлы бұл туралы мүфтияттың желідегі ресми парақшасында айтты.

"Өйткені ол кісіні шариғатқа қайшы сөз айтумен қоса, шариғатқа, адамгершілікке сәйкес келмейтін іс-әрекеттерді жасап, ислам дініне күйе жағуына себепкер болып қалды деп есептейміз", – дейді ол бейнежазбада.

ҚМДБ өкілі "Әйел неге мешітке барады?" деген кейбір ер адамдардың пікіріне жауап берді.

"Әйел кісі өзінің үйіндегі мешітте намаз оқығаны абзалырақ, сауаптырақ. Ханафи мазхабында осылай айтылады. Дегенмен әйел кісі мешітке келіп құлшылық жасаса немесе дінін үйренсе, бұл – рұқсат амал, әбестігі жоқ.

Мешіт – құлшылық пен әдепті, ізетті үйренетін орын. Мешітте орынсыз сөздер, ұятсыз іс-әркеттер жасау – дініміз қаралайтын нәрсе, жалпы адамгершілікке де жат болған нәрселер болып есептеледі. Сондықтан мешітке келгенде біз Алланың құзырына, Алланың үйіне келіп жатқанымызды ұмытпайық", – дейді ұстаз Елбек Тасболатұлы. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар