Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Көзі көрмей, тілі күрметіліп, аяғынан тұра алмай қалған»: ботокс жасатқан 38 жастағы қызылордалық әйел ауыр дертке шалдыққан

«Көзі көрмей, тілі күрметіліп, аяғынан тұра алмай қалған»: ботокс жасатқан 38 жастағы қызылордалық әйел ауыр дертке шалдыққан
Сурет: видеодан скриншот
Қызылордада әйел клсметологтың емінен кейін ауруханаға түсіп қалған.

Қызылордада косметологтың емінен кейін ауыр дертке шалдыққан келіншек әділдік іздейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап. 

38 жастағы әйелдің айтуынша, ботокс жасаған маманның салғырттығынан көзі көрмей, тілі күрметіліп, тіпті аяғына тік тұра алмай қалған. Соның кесірінен әйел төрт айдан бері тұрақты түрде дәрігерге қаралуға мәжбүр. Оның үстіне құзырлы органдарға жазған арызымнан да нәтиже жоқ деп ашынады келіншек.

Көзі көрмей, тіпті дұрыс сөйлей алмай қалған Латипа Жақсымұратова барлығы қолтық терісіне ботокс жасатқаннан кейін басталды дейді. Оның айтуынша отадан кейін денсаулығы күрт нашарлап, аяқ-қолдары қалтырап, тынысы тарылған. Соңында дәрігерлер әйелді жансақтау бөліміне жатқызыпты.

“Инфекционист дәрігерлерді шақырды. Тексеріс барысында менен ботулизм диагнозы анықталды. Содан реанимацияда 5 күн, палатада 10 общий 15 күн емделіп шықтым. Былайынша айтқанда бір өлімнен қалдым ғой. Соның бәрін косметолог мамандары біліп отырса да, маған ешқандай көмек берген жоқ. Келіп жағдайымды да білген жоқ”, – дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Латипа Жақсымұратова. 

Әйелдің айтуынша, ботулизм диагнозы бірден емделіп кетпеген. Салдарынан көзімнің көруі нашарлап, өкпеме тиген зияны әлі де мазалайды дейді. Ал дәрігерлер ботокс жасаған кезде әйелдің жүйке тамырларына зақым келген деп қорытынды жасапты. 

“Косметолог мамандарды кінәлаймын. Себебі дәрігерлер де сол кісілерді кінәлап отыр. Менің жоқ ауруларымның бәрін шығарып отыр. Көзімнің көруі нашарлап кетті. Көзде қан қысымы деген зат пайда болды. Жүрегім шаншитын болды”, – дейді Латипа Жақсымұратова. 

Әділдік іздеген әйел құзырлы органдарға да шағымданған. Алайда полиция департаментіндегілер қылмыстық істі тіркемепті. Ал ауруынан айыға алмай, дәрігерлердің көмегіне әлі де жүгінуге мәжбүр болған Латипа Жақсымұратова мамандар шығынымды толық өтесін деп отыр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар