Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дженифер Лопестің концертінде төбелес шығарған: полиция қызметкерінің әйелінің үстінен іс қозғалды

Дженифер Лопестің концертінде төбелес шығарған: полиция қызметкерінің әйелінің үстінен іс қозғалды
Сурет: видеодан скриншот
Астанада концертте төбелес шығарған әйелдің кім екені белгілі болды.

Астанада 1 тамызда өткен Дженнифер Лопестің концертінде әйел төбелес шығарып, кейбіреулердің мазасын қашырған. Оның Павлодар облысы полиция департаменті басшысы орынбасарының әйелі екені белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазіргі кезде әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Полиция төбелескен шығарған әйелді стадионнан көтеріп шығарған. Куәгерлер оның мас болғанын айтады.

Біраз уақыттан кейін оның Зарина Қожахметова екені және Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Думан Қожахметовтің әйелі екені белгілі болған.

«Тексеру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш азаматша полиция қызметкерімен некеде тұратынын хабарлаймыз. Бұл дерек оның іс-әрекетіне құқықтық баға беруге әсер етпейді», – делінген Астана полициясының жариялаған ақпаратында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар