«Қазір тегін жатқан дүние жоқ»: Нұрлан имам қазақстандықтарға үндеу жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 тамыз, 2025
- 430

Нұрлан имам көпшілікті өзінің атын жамылған алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, оның атын жамылған алаяқтар жалған ақпараттар таратып жүр екен.
«Құрметті Қазақ елі! Әзірде ғана келіп жеткен ақпарат яғни ҚМДБ-ң ресми өкілі ретінде менің аты - жөнімді жамылған алаяқтар Telegram желісі арқылы барша мұсылман қауымына 1 000 000 теңгелік грант төлемін төлеу бағдарламасын еліміздің әрбір өңіріне жариялап, мүшелікке тіркеу үшін жеке дерек көздерін талап етіп бастапты. Қазір тегін жатқан дүние жоқ, ешкімге ешқандай дерек бермеңіздер, баршаңызды мұндай ақпарат көздеріне сенбеуге, алданып қалмауға шақырамын. Алдағы уақытта осы тұрғыдағы күмәнді ақпараттар алдарыңыздан шығып жатса, бірден Muftyat.kz немесе @nurlanimam.kz яғни өзіме тікелей хабарға шығуларыңызды сұраймын. Осыған барынша репост жасап, бір - бірімізді сақтандырып жүрейік. Ақпаратты анықтау үшін, Қостанай қаласынан “Ырыскелді қажы” мешітіне хабарласып, жалғанды хабардар еткен бауырымызға Алла разы болсын!»,- деп жазды Нұрлан Имам.